Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты Ақмола облысының прокуратурасымен бірлесе отырып, адам өлтіруді болдырмау мәселелері бойынша зерттеуді аяқтады. Талдау криминологтардың, математиктердің, аналитиктердің және практиктердің қатысуымен жүргізілді.
Алынған деректер криминологиялық қарым-қатынастарды және адам өлтіру үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында маскүнемдіктің алдын алу проблемалары бар, өйткені әрбір екінші адам өлтіру қылмысы маскүнемдіктің себебінен орын алған.
Осылайша, осы санаттағы қылмыстардың жалпы төмендеуіне қарамастан, Ақмола облысы өткен жылдың аяғында республика бойынша 51 қылмыстың ішінен сегізінші орынды иеленді.
Адам өлтіру саны аймақтағы зорлық-зомбылық ауқымына ғана емес, сонымен бірге халық санына да байланысты. Сондықтан 100 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі объективті көріністі көрсетті.
Жалпы, мемлекет бойынша соңғы алты жылда адам өлтіру коэфициентінің тұрақты түрде екі есеге азаюы байқалуда (10-нан 5,2-ге дейін). Ақмола облысы бойынша да бұл көрсеткіш 10,7-ден 6,9-ға дейін төмендеген. Өткен жылдың қорытындысына сүйенсек, аймақ адам өлтіру коэфициенті бойынша төртінші орында болды, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен жоғары болып табылады.
Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында жасалған қылмыстардың төмендегені байқалады, бірақ жалпы мемлекет бойынша 447 ден 529-ға дейін өсім тіркелген. Сонымен қатар, Ақмола облысы 7 орынды иеленген (100 мың адамға шаққандағы өлтіру қылмысы 3,4-ті құрады), ал республика бойынша орта көрсеткіш 2,9-ға тең.
Алкогольді ішімдік ішудің салдарынан адам өлтірудің көп бөлігі демалыс күндері түнгі уақытта орын алатыны анықталды. Бұл зорлық-зомбылық қылмыстарына себеп болатын жағдайларды болдырмау, маскүнемдікті мәжбүрлеп емдеу шараларын қабылдамау және бұрынғы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша әлсіз алдын-алу жұмыстарының жүргізілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар, ішкі істер органдарының тергеу сапасы мен бастапқы тергеу әрекеттеріндегі кемшіліктер анықталды.
Зерттеу нәтижелері Ақмола облысының Заңдылықты, құқықты тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ұсынылды.
Кездесуге қатысушылар зерттеудің жоғары деңгейін, оның практикалық маңыздылығын атап өтті және аймақтағы адам өлтіру санын азайту бойынша нақты шараларды белгіледі.